IMDb кинопорталының көрермендері “Ғажайыптар еліндегі Питер Пэн мен Алиса” фильміне пікір жазып, баға қоя алмайды. Сайт бұл мәжбүрлі әрекет екенін айтады. Олардын ойынша, бұл басты рөлдегі қара нәсілді актерларды негізсіз сыннан қорғайды.
“Ғажайыптар еліндегі Питер Пэн мен Алиса” — Relativity Media компаниясының жаңа жобасы.
“Фильмдегі басты рөлдерді қара нәсілді балалар сомдағандықтан, кейбір сайт қолданушылары IMDb порталына негативті комментарийлер қалдыра бастаған”, — деп хабарлайды «Киноафиша» порталы.
Фильм 13 қарашада цифрлық платформаларда шектеулі прокатқа шығады. Лентаның дебюті 2020 жылдың желтоқсанында Sundance кинофестивалінде өткен. Сол себепті тизері ертерек жарияланды. ТМД мемлекеттерінің прокатына фильм 28 қарашада шығады.
Фильм желісі бойынша, Алиса мен Питер Пен — ағайындылар. Екеуі үлкен ағасының қазасынан кейін отбасындағы бақыттың отын қайта жағуға тырысады. Кенет бауырлардың өмірі шындық пен ғажайыптың ортасында қалады.