Ninety one мен Ирина Кайратовна тобы Audio visual форматында түсірген видеоклипін шығарды. Youtube желісінде жарияланған клип 16 сағат ішінде 136 мың қаралым, 27 мың лайк жинаған.
Ninety one мен Ирина Кайратовна коллаборациясын жұрт ұзақ күтті. Екі топтың бірігіп орындаған “Taboo” әні екі ай бұрын шыққан Ninety one альбомында болуы керек болған. Алайда белгісіз себептермен әнді тыңдау мүмкін болмады. “Taboo” әнінің презентациясы 20 желтоқсанда өткен Ninety one-ның онлайн шоу-концертінде өтті.
Әнді музыкалық платформалардың бәрінен тыңдауға болады.