Танымал продюсер бес жыл бойы сырт келбетін қалыпқа келтірген. Әлеуметтік желіде өткізген тікелей эфирінде ол әртүрлі елден маман іздеп, қымбат тұратын түрлі ота жасатқанын айтып бөлісті.
«Жылтырағанның бәрі алтын емес. Бұл тұп-тура маған қатысты айтылған сөз. Соңғы бес жылда сәтті де, сәтсіз де шыққан оталар болды. Одан депрессия, үмітсіздік пен көз жасы болды»,- дейді Баян Мақсатқызы.
Кореяда мұрнына жасатқан сәтсіз ринопластикадан кейін ташкенттік дәрігердің көмегіне жүгінген продюсер іздеген “алтынының” жақыннан табылғанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram