Париждегі Гранд Операда ән шырқаған алғашқы қазақ — Майра Мұхамедқызы әлеуметтік желіде баласының жетістігімен бөлісті. Өзін сахнада Майра Керей деп таныстыратын әншінің қызы Аида Ахсанқызы New Star байқауында екінші орынға ие болған. Анасының жолын қуып, сахнада ән шырқаған жас талант 8-12 жас аралығындағы орындаушылар арасынан топ жарған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бала жетістігі — ата-ана қуанышы деген. Әкесі қуанғаны соншалық, қызымды күн-түн демей үйірмелерге тасыған еңбегім ақталды деп, сүйінші сұрап әуежайда алдымнан шықты», — дейді Майра Мұхамедқызы әлеуметтік желі парақшасында.