Атақты поп-әнші Майкл Джексонның Калифорниядағы үйі 22 млн $ сатылды. Бұл үйдің әуелгі бағасынан 80 млн-ға арзан. Әншінің жекежайы бағасының төмендеуіне соттағы жанжал себеп болған. Дәлелденбеген дерек бойынша, әнші бұл үйде кәмелет жасына толмаған балаларды әкеліп, оларға жыныстық алымсақтық көрсеткен.
The Wall Street Journal-дың хабарлауынша, үйді кезінде Майкл Джексонның досы болған Рон Беркли сатып алған.
Джексон жекежайда 1987-2015 жылдар аралығында тұрыпты. 2015 жылы қаржылық қиындықтар әсерінен әнші үйін сатуға шығарған. Сол кезде 100 млн $ бағаланған жекежай «Питэр Пэн» мультфильмінің құрметіне «Неверленд» деп аталған.