Ресейлік Lemonade House-тың бұрынғы мүшелері хаус продюсері Александр Исамбаевтың жыныстық алымсақтық көрсеткенін хабарлады. Бұл туралы олар «Пушка» YouTube каналына берген сұхбатында айтты.
Блогерлердің айтуынша, продюсер хаус мүшелеріне жыныстық қатынасқа түсуді меңзеген. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмағандары да бар.
Әзірге Исамбаевтың ерсі қылығына алты блогер шағымданған: Конг Ву (16 жас), Андрей Карпенко (17 жас), Сергей Романов (19 жас), Даня Черкасов (20 жас), Антон (20 жас) және аноним болып қалғысы келген тағы бір блогер.
Lemonade House продюсері Александр Исамбаев болса, мұны жала, хайп деп отыр. Оның айтуынша, ол тек әзілдеген, бірақ, алымсақтық көрсетпеген. «Мен бұл адамдардың саясатын жақсы білемін. Маған жала жапқан блогерлердің көбі есірткі шегетін. Сол сепбепті де олар біздің хаустан шығып кетті. Мұндай адамдар біздің ұжымның философиясы мен ішкі саясатына сай келмейді», — дейді продюсердің өзі.