Gucci және The North Face брендтері Pokémon GO ойынымен коллаборация жасайтын көрінеді.
Туиттерде жарияланған Pokémon GO логотипі бар шатыр мен желбіреген жалау бейнеленген фотосуреттің сипаттамасына Gucci «Жақында Pokémon GO қосымшасында» , — деп жазды.
Бұдан басқа әзірге еш мәлімет жоқ. Сондықтан, коллаборация нәтижесі қандай болары әлі белгісіз. Есеіне желі қолданушылары жақында покемон бейнеленген киім жиынтығы, әйтпесе, ойын кейіпкерлері киетін виртуалды шындық форматындағы киім шығады деп болжауда.
Pokémon GO-ға келер болсақ, бұл мобайл ойын әлемге бірнеше жыл бұрын таныла бастады. Ойын шартына сәйкес, ойыншылар виртуалды шындық форматында жасырылған Покемонды шын өмірде ұстауы керек.