Димаш бұл бастамасы арқылы жаһандық аштық мәселесіне қоғам назарын аударуды көздейді. Дизайнер Майкл Корстың бастамасын қолдап, әнші жаһандық аштық мәселесіне назар аударуға шақыратын видео жариялаған.
https://www.instagram.com/p/CGC__Vani0B/?igshid=1xid9h24pg8pu
«Мен @MichaelKors #FoodIsLove@WorldFoodProgramme жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде», — дейді әртіс әлеуметтік желі парақшасында.
Әрбір сатылған Love футболкасынан түскен табыс БҰҰ-ның #sharethemeal жобасына аударылады. Осылайша әртіс жаһандық аштық мәселесін шешуге ат салыспақ.
