Әнші Луина ұлының жұлдызды жолын ерте бастауды жөн көріпті. Ол 4 айлық ұлы Давидке Instagram желісінен парақша ашқан.
«Кішкентай арыстанның» әзірге бес мыңнан астам жазылушысы бар. Давидтің алғашқы жазбасында өмірі мен жетістіктерінен хабар беріп, парақшада бөлісіп отыратыны хабарланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұлдыз перзенттің жазылушылары жазбаның астына «Тәттім», «Памперстің сыртындағы балаларға ұқсайды екен»,«Кішкентай пупсик» сияқты пікірлер қалдырып, бөбектің қылығына тамсанған.