OLX.kz онлайн хабарландыру порталының зерттеуіне сүйенсек, 1-25 желтоқсан аралығында қазақстандықтар электроника тауарларын көп іздеген. Бұл санаттағы топ-үштікті телефон, ноутбук және теледидар бастап тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда телефон бағасы 20%-ға, ноутбук 23%-ға қымбаттаған.
“Бақша және үй” санатындағы тауарлардың ішінде үстел, диван және ас үй гарнитурасы сұранысқа ие. Өткен жылмен салыстырғанда бұл заттардың бағасы 10%-ға ғана өскен.
“Сән” категориясынан қазақстандықтар көйлек, куртка және құндыз тонды көп іздеген. Бұл тізімдегі заттар бағасы 5%-ға ғана қымбаттапты.
2020 жылғы 1-25 жетоқсан аралығында ізделген топ-10 тауар:
Телефон
Телевизор
Ноутбук
Диван
Тоңазытқыш
Кіржуғыш машина
Компьютер
Ас үй гарнитуры
Үстел
Playstation