Актер Дәурен Айдарқұлов “ҚызықTimes” премиясында Жахан Отарғалиев және Айқын Төлепберген үшеуі бірге түскен суретті жариялады. Суреттің астына ол “Бажалар” деп топ құруға болар еді, бірақ мен сольно кеттім”, — деген жазба қалдырған.
Актердің бұл астарлы әзілін көпшілік қызу талқылап жатыр. Себебі Айдарқұловтың бұрынғы әйелі Ақбота-Нұр Абайқызы Жахан Отарғалиевтің жұбайы Балжан Бидаш, сондай-ақ, Айқынның әйелі Жұлдыз Өмірғалиевамен КешYOU тобының құрамында болған болатын. Дегенмен, біраздан соң топ құрамы ауысып, қатысушылары жеке шығармашылығымен айналысып кеткен болатын.
Жақында Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш отау көтерді. Жұлдыз бен Айқынның болса, қазір бір ұлы бар. Ақбота мен Дәурен жұбы 2020 жылғы маусымда ажырасып кетті.
Сондай-ақ, Айдарқұлов келер жылы үшінші рет үйленбекші екен. Ол үшінші жарымен мәңгі бірге тұратынын айтты. 2021 жылы үйленетінін мәлімдеген видеосы @zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram