Әнші Әлішер Кәрімов Алматыда өткен мерейтой концертінде Нағима Есқалиеваға ән арнады. “Нағима, мен сізге ән арнайын. Бәрі бізді ғашықтар деп ойласын. Әртістер туралы өсек-аяң көп қой. Әсіресе, мен туралы”, — деп әзілдеген әнші залды ду күлкіге қарық қылды.
35 жастағы үйленбеген әншінің жеке өмірі көпшілікті қызықтырады. Әлішерді түрлі махаббат оқиғаларына байланыстырып, тіпті жігіттермен қарым-қатынасы бар дейтіндер де аз емес. Мұндай өсек-аяңға әнші концертінде әзілдеп: “Мені түрлі махаббат оқиғаларына байланыстырып жатады. Құдайға шүкір, соңғы уақытта әйелдермен байланыстырып жүр”, — деп жауап берді.
Сондай-ақ, әзілдеп, әріптесі Нағима Есқалиеваны “сүйіктім” деп таныстырды. Сахнаға құттықтауға шыққан Мақпал Жүнісованың “Қашан үйленесің?” — деген сұрағына бойдақ әнші Нағимаға нұсқап көрсеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram