Мухамед Ахметжанов тыңдармандарына “Дай мне ответ” жаңа туындысын таныстырды. Жақында әннің бейнебаяны да жарық көрді.
The Limbа үшін 2020 жыл табысты болғаны анық. Осы жылдың мамырында әнші Андромен бірге жазған “Х.О”. композициясы арқылы кеңінен танылды. Артынша, төрт айдан кейін рэпер Егор Кридпен бірге “Coco L’Eau” әнін шығарды. Оған түсірілген сәнді бейнебаян қымбатқа түсіпті. Туындының режиссері — Александр Романов.
“Дай мне ответ” әнінің бейнебаяны да ерекше талғаммен түсірілген. Ән әуенін танымал орындаушы M’Dee жазған екен. The Limba жаңа әнін бірінші әлеуметтік желідегі тыңдармандарымен бөліскен. Қазір «Дай мне ответ» әнін барлық музыкалық платформалардан тыңдауға болады.