Жаңа жылға орай Мұрат Мұтырғанов балаларға арналған “Сен генийсің” (“Ты — гений” авторлық курсының ашылғанын хабарлады. Сиқыршының курсы балалардың моторикасын дамытып, ми жұмысын жақсартуға, потенциалын дамытуға бағытталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Әлемдегі ең жас клоун” атанған әртістің авторлық курсына 5 жастан бастап қатысуға болады. Фокустар туралы алғашқы үш сабақты тегін көре аласыз. Курстың үш түрлі деңгейі бар: “күміс”, “алтын” және “платина”. Сабақтарды Мұратпен бірге әкесі Кәрім Мұтырғанов және жас сиқыршы Мадияр Алмас жүргізеді.