2020 жылғы “Қызық премия” талай құпия мен қызықтың бетін ашты. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жүрген жас отбасы әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиевтің тойын кім басқаратыны белгілі болды. Премия жүргізушілері сахнаға шыққан жас жұбайларға “Сонымен тойды кім жүргізетін болды? Мына кісіге бірдеңе деуге қорқып тұрмыз”, — деп шоумен Нұрболхан Шараповқа нұсқады.
Бұл сұраққа Отарғалиев: “Біздің тойды “Қызық премияда” Нұрболхан жүргізеді” деп жауап берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айтса кетсек, қос ғашық қосылған күннен бастап, желіде Нұрболханның “тойды жүргіземін” деген тілегі мен жас жұбайлардың әзілдеп, одан қашқаны туралы роликтер шыққан болатын. Бұл “тойдың тізгінін кім ұстайды?” — деген сұраққа көптің назарын аударып, интрига тудырған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram