WhatsApp қолданушылары жаңа жыл қарсаңында 1,4 миллиардтан астам аудио және видеоқоңыраулар жасап, желідегі бір күндік хабарласулар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Facebook компаниясының баспасөз хабарламасында жазылды.
“Жаңа жыл қарсаңында бүкіл әлемде 1,4 миллиардтан астам дауыс және бейне қоңыраулар жасалды. Бұл WhatsApp-тағы бір күндегі ең жоғары көрсеткіш. Қоңыраулар саны өткен жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда 50%-ға өсті”, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Facebook пен Instagram арқылы жаңа жыл қарсаңында 55 млн-нан астам тікелей эфир өткізілген.