Енді Kaspi Gold картасын балаға 10 жастан алуға болады, деп хабарлайды банктің Instagram-дағы ресми парақшасы.
Ол үшін ата-анасының біреуі не қамқоршысы өзінің Kaspi Gold картасына қосымша ретінде балаға арналған картаны kaspi.kz мобайл қосымшасында рәсімдеуі керек. Кейін оны кез келген картоматтан алып кетуіне болады.
Ата-ана өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы баласының ұсақ шығынына ақша аударып, жұмсаған ақшасын көре алады. Сонымен қатар интернетте сауда жасауға рұқсатты ата-анасы береді және ДСН-кодын ауыстырып, картаны бұғаттап не, керісінше, бұғаттан шығара алады.
«Енді баршаның сүйікті Kaspi Gold картасын балаға рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, сіз балаңыздың телефонына Kaspi.kz қосымшасын орната аласыз. Өзіміздің кішкентай сүйікті клиенттеріміз үшін біз интерфейс пен функционалды барынша оңайлаттық. Ата-аналарға балаларын қолма-қол ақшасыз зат сатып алуға және өз қаражатын басқаруға ерте жастан үйретуге көмектесе аламыз деген сенімдеміз», — деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.