20 жастағы танымал футболшы Еркебұлан Сейдахмет “Жетісу” құрамасымен келісімшарт аяқталған соң “Қайрат” футбол клубына оралды.
Жас футболшы Еркебұлан Сейдахмет өткен маусымда талдықорғандық клуб сапында ойнады. «Жетісу» құрамында Қазақстан премьер-лигасында алты матч өткізді, бірақ нәтижелі ойын көрсете алмады. Жалға алу туралы келісімшарт біткен бойда қос тарап оны тоқтатуды ұйғарып, Еркебұлан Сейдахмет қайтадан Алматы клубына оралды.
Спортшы «Қайратқа» 2019 жылғы маусым айында үш жылға келісімшартқа отырды. Алматылықтар үшін ол КПЛ-да 12 матч өткізген болатын.
“Қайрат” футбол клубы Сейдахметті ресейлік «Уфадан» 300 мыңға сатып алды. Сондай-ақ, шабуылшының мансабында болгарлық «Левски» мен «Тараз» құрамалары болды. Қазір Transfermarkt Сейдахметті 250 мың еуроға бағалайды.