Рэпер 2009 жылы Things Get Worse туындысында Рианнаға қол жұмсаған экс-бойфренді Крис Браунды қолдайтынын айтқан. Кейін “Әрине, мен Крис Браунның жағындамын, мен болсам да, ұрып тастайтын едім…” деген жолдарын Эминем әннен алып тастаған екен. Бірақ 2019 жылы белгісіз біреулер туындының демо-нұсқасын желіге жариялап жіберген.

«Менің бұлай айтқаным қате болды. Жалпы Relapse альбомын жазу барысында көп қателестім. Есірткіге тәуелділіктен емделіп жүрген соң, ұйқасқанның бәрін жаза бердім. Бұл жолдарды жазған кезде “Ұйқасы бар болса, айта бер” деген оймен жазған болатынмын”, – дейді Эминем SiriusXM Gray Rizzy радиосына берген сұхбатында.
2020 жылғы желтоқсанда Эминем Music To Be Murdered By альбомын шығарды. Ондағы Zeus әні арқылы рэпер әнші Рианнадан кешірім сұраған.