Моушн-дизайнерлерден құралған Buralgy қазақстандық студиясы танымал әнші The Weeknd-тің жаңа клипіне VFX (Visual Effects) эффект жасаған.
The Weeknd “After Hours” альбомындағы Save Your Tears әніне видеоклип түсірді. Клипте әнші жаңа образда шығады: бет-әлпеті пластикалық ота жасап алғандай көрінеді.
Buralqy қазақстандық моушн-дизайнерлер командасы VFX-эффектілер жасайтынымен танымал. Бұған дейін Айсұлтан Сейітовтың Migos, Joji және Масло Черного Тминаның клиптерін визуал эффектпен әрлеген. Сондай-ақ, студия ТМД елдерінің орындаушыларымен де бірігіп жұмыс жасаған.