Серхио Рамос “Реал Мадрид” футбол клубының президенті Флорентино Переске «ПСЖ» — ға ауысқысы келетінін айтқан. Бұл туралы El Chiringuito TV журналисі Хосе Педрерол мәлім етті.
Телебағдарламада 34 жастағы Серхио Рамос менеджеріне “ПСЖ” онымен және “Барселона” шабуылшысы Лионель Мессимен бірге топ-клуб құруды жоспарлап отырғанын айтты.
Бұған дейін футболшы басқа клубтардың ұсыныстарын қарастыруға ниетті екенін хабарлаған. Рамос клуб президенті Перес оның Реал Мадридтан кеткенін қалайды деп санайды.
Мадрид клубы футболшыға келісімшарттың екі нұсқасын ұсыныпты: 1 жылға бұрынғы жалақымен немесе 2 жылға келісімшарт, бірақ қазіргі жалақысынан 10% кем төлейді.