Кейінгі кезде жеке өмірі жиі талқыланып жүрген Ерке Есмахан сүйіктісі барын айтты. Бұл туралы ол Instagram stories-те бөлісті.
“Все, басым бос емес”, — деп жазып, сыйлықтарын көрсетті. (Автордың орфографиясы сақталған)

Stories-те бөліскен суретке қарағанда, Еркенің сүйіктісі әншіге Louis Vuitton брендінен сыйлық алып берген.
Бұған дейін Дубайда демалып жүрген Ерке Есмаханды жұрт Ninety one тобының экс-солисі Азамат Зенкаевпен бірге көрген. Бірақ Ерке Есмахан сыйлақтарды кім бергенін жасырып, тек сары түсті жүрек смайликпен белгіледі.