Мәнерлеп сырғанушы Денис Теннің өліміне қатысы болған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты. Жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу режиміне ауысты. Бұл туралы Қазақстан Жоғарғы Соты аппараты Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында хабарланған.
Бұған дейін 4 жылға бас бостандығынан айырылған Жанар Толыбаева қылмыстық кодекстің 73-бабын негізге алып, жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыруға өтініш білдірген. Онысын Алматы облысы Іле аудандық соты қанағаттандырып, қалған жазаны өтеуін бақылауды пробация қызметіне жүктеген. Сотталушы 2019 жылғы наурызда Алматы колониясынан босатылған.
Денис Теннің анасы Оксана Тен болса, сот актілерін қайта қарау туралы өтініш берген. Алайда Жоғарғы Сот одан бас тартқан.