Трамптың жақтастары АҚШ Конгресіне басып кірді. Осы орайда Twitter өкілдері экс-президенттің соңғы үш туиті әлеуметтік желі ережелеріне қайшы деп есептейді.
Салдарынан Трамптың парақшасы 12 сағатқа уақытша бұғатталған. Егер экс-президент соңғы үш постын өшірмесе, компания оның парақшасын толығымен бұғаттап тастайтынын айтқан.
Айта кетсек, Дональд Трамп соңғы жазбаларында Капитолийдегі бассыздықтарға әділетсіз өткен сайлауды кінәлаған.