Алматыда көрермендерсіз өткен “Жұлдызды жекпе-жекке шақыр” кездесулерін Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетті. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан турнир аясында іріктеп алынған қарапайым азаматтар өнер жұлдыздарына қарсы шықты. Турнирге Тәуекел Мүсілім, TTTakata, Фарема Қазақпаева, Дәулет Абдулов, Vipenot, Айбек Серікханов, Kamikazedboy, Бауыржан Сатов, Дина Тасбулатова, Мұрат Мұтұрғанов, Ерик Хамидуллаев пен Рүстем Алмағамбет қатысты. Жоба аясында жиналған қаржы жас спортшыларды қолдауға жұмсалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Турнир ережесі бойынша іріктеп алынған 12 жұлдыз ешбір спорттық атағы мен тәжірибесі жоқ адамдарға қарсы кездесу өткізеді. Шаршы алаңда күш сынаспастан бұрын бір ай дайындалуға уақыт берілген. Кез келген адамның жұлдызға қарсы күш сынасуына мүмкіндік беретін реалити-шоу ұйымдастырушылары жоба келесі жылы да өз жалғасын табады деп отыр.