Әнші Айдана Меденова желідегі парақшасында полициядан қорқатынын мәлімдеді. Ол жүкті кезінде мемлекеттік орган қызметкері көлігін тоқтатқанда, әнші жылап қалған жағдайлар болғанын бөлісті.
Айдананың жол сақшысымен түсірген әзіл ролигі көпті күлкіге қарық қылды. Желісі мынандай: әншіні тоқтатып, басқа жұлдызбен шатастырып алған полиция өкіліне әнші де қызметкердің шені мен формасын шатастырып жауап береді. Осылайша, жұлдыз жол сақшысына шені мен атағын шатастырғандағы “жағымсыз” сезімнің қандай болатынын түсіндіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram