Кейінгі кезде жеке өмірі жиі талқыға түскен актер Дәурен Айдарқұлов әлдекіммен бірге екенін айтып, Instagram-да видео жариялады.
Актер желіде тараған қауесетке сенбеуге шақырып, бар шындықты өзі айтқысы келіпті. Оқырмандары экс-жұбайы Ақбота Сейітмағамбетовамен қайта қосылды деп болжаған. Алайда онысы қате болып шыққан. Видео соңында Айдарқұлов мысығымен қайта қауышқанын айтып әзілдеді.
Мұның әзіл екенін білген кей оқырманы күліп қолдаса, енді бірі әзілінің ерсі екенін айтуда.
“Қуанып кетсем, балаларға жақсы болды деп”, “Кімді ақымақ қылып турсың жынды десе әле жалғыз қор болып бір өзің қаласың”, “Жарайсың, нағыз жұбыңды енді тауыпсың” деген пікірлер кездеседі (Коммент авторларының орфографиясы сақталған).
Посмотреть эту публикацию в Instagram