Ресейлік танымал тележүргізуші Ольга Бузова Мальдив аралдарында блогер Давид Манукянмен некелескен видеосы желіде тарады. Бірақ жұлдыз жұп бұл туралы әлі ешбір пікір білдірмеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Некелесу сәтінен түсірілген видео Instagram-дағы жұлдыздардың фан-парақшасында пайда болды. Видеода Ольга қалыңдық көйлегін киіп, жары екеуі мойнына гүлден жасалған моншақ таққан. Соған қарағанда, үйлену тойы Мальдив дәстүрі бойынша өткен.
Бір апта бұрын Давид Манукян Бузовамен Мальдив аралдарында түскен суретін Instagram-ға жариялап: “Бәлкім, үйлену тойын өткіземіз?”, — деп жазды.
Айта кетсек, жұлдыз жұп бір жарым жылдан бері жақын қарым-қатынаста.