Кентал желіге әйелімен бірге билеген видеосын жүктеген. Желідегі жазбасында әнші отбасын құрған күннен бастап жұптың сыннан өткенін, әйелінің оған төзіп-баққанын, отбасын сақтап қалуға себепші болғанын айтады.
“Мұндай әйелді қалай қолдамайсың”, — деген Кентал әйелі үшін қорқынышын жеңіп, онымен бірге билеген. Айта кетсек, әншінің әйелі — кәсіби биші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетсек, 2020 жылғы мамыр айында Кентал 20 жастағы түрік қызына үйленді. Арадағы 14 жас айырмашылыққа қарамастан, бір жыл қарым-қатынастан кейін жұп отау құрған.