Танымал отандық продюсер Алуа Қонарова өміріндегі қиын кезеңдер туралы пост жазуын жалгастыруда. Бүгінге дейін 6 пост жариялады.
Продюсер өміріндегі күрделі, қайғылы, қуанышты оқиғалары,жақын адамдары туралы баяндайды.Соңғы жазбасында марқұм әкесімен қоштасуы туралы айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
5-постта күйеуі туралы айтып келе жатып Алуа “некеміз жайлы толығырақ кітапта”деп аяқтаған. Соған қарағанда, продюсер өмірбаяны туралы кітап шығармақшы. “Сізге кітап жазу керек” деп коммент қалдырған оқырманына Қонарова “Жазып жатырмын. Қазақстанға оралған бойда басып шығару керек” деп жауап қайтарды.