2007 жылдан бері түсіріп келе жатқан “Keeping Up With The Kardashians” (“Кардашьяндармен бірге көштен қалма”) реалити-шоуы аяқталды.
Жақында әйгілі отбасы 20 маусымға жалғасқан шоудың соңғы бөлімін түсірді. 14 жылға созылған шоудың аяқталуын Кардашьяндар салтанатпен атап өтті. Сол кеште түсірілген видео “Kardashians on E” instagram парақшасында жарияланды.
“Бүгін #KUWTK түсірілімнің соңғы күні екеніне сене алмаймыз. Соңғы маусым жақында шығады”,- деп жазылды жобаның hесми парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Keeping Up With The Kardashians” реалити шоуы — америкалық Кардашьян-Дженнер отбасының өмірі туралы баяндайды. 2007 жылы жоба енді ғана басталғанда бұл отбасы және оның мүшелері туралы әлі ешкім білмейтін. Есесіне қазір отбасы мүшелері әлемдік жұлдыздарға айналды. Олардың байлығы шамамен миллиард $ бағаланады. Реалити-шоу үлкен аудитория жинап, E ойын-сауық телеарнасындағы ең жоғары рейтиңге ие бағдарламаға айналды.