Twitter, Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік желілер Дональд Трамптың парақшасын бұғаттап тастады. Осыдан кейін желі қолданушылары Дональд Трамптың “Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью Йорктегі адасу” (Home Alone 2: Lost in New York) фильміндегі камеосын (кинода танымал адамдардың шағын рөлі) кесіп тастауды ұсынды. Бұдан не шықты деп ойлайсыз?
Жанкүйерлер фильмдегі Трампты көрінбейтін етіп монтаждаған. Нәтижесінде бас рөлдегі Кэвин ауамен сөйлесіп тұрғандай көрінеді.
due to popular request I have removed trump from home alone pic.twitter.com/HoTA2csMl4
— jamie homage (@jamiehomage) January 9, 2021
Басқа да қолданушылар Трамптың рөлін басқа адамдарға ауыстыруға тырысты. Мысалы, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден:
I fixed it. pic.twitter.com/Y2S4t8CE8D
— Dan Leite (@Dan_Leite11) January 10, 2021
Трамптың орнына танымал актер Киану Ривзді де қойып көрді:
I’ll do you one better. pic.twitter.com/0GcXeSYKK8
— Nick “Ghost” Miller aka Beard (@BigBeardStream) January 10, 2021
Бұған дейін Дональд Трамп “Үйде жалғыз қалғанда” фильміне қалай түскені туралы жазған едік.