Жанар Айжанова отбасылық мұрағаттағы суреттерін желіге жүктеді. “10-15 жыл деген түк емес, судай сырғып өте салыпты”, — дейді жұлдыз жазбасында. Естелік суреттерінің ішінде Айжұлдыз Адайбекованың фотолары да бар. Бала Айжұлдыздың түсірілім алаңындағы суреттерін көрген фоллоуерлері оның анасына тартқанын жарыса жазды.

Сондай-ақ, бір суреттегі әншінің бес башпайы бөлек тұрар шұлығын оқырмандары жыртық деп ойлапты. Әнші бұл кезінде сәнді болған түрлі-түсті шұлық екенін түсіндіріп, мәз болысты.
Айжанованың қызы болса, анасының бұл жазбасын көріп: “Менің жасырғанымды бүкіл әлемге көрсеткеніңе рақмет. Абайлаңдар, мен бұл суреттерде МИСС МИРА болып тұрмын. Мұндай сұлулықты көріп, соқыр болып қалмаңдар”, — деп әзілдеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram