Беделді Futsalplanet Awards 2020 сыйлығының ұйымдастыру комитеті “Үздік ұлттық құрама” номинациясы бойынша үміткерлер тізімін жариялады. Футзалдан Қазақстан құрамасы үш номинация бойынша үздік атануға үміткерлер қатарында.
2020 жылғы Футзалдан үздік құрама атанудан Қазақстаннан бөлек, Аргентина, Бразилия, Чехия, Марокко, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Венесуэла командалары үмітті.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы осымен үшінші жыл қатарынан үздік атануға үміткерлер тізіміне еніп отыр. Былтыр бұл марапатқа Бразилия құрамасы ие болды.
Сонымен қатар, бас бапкер Кака “Ұлттық құраманың үздік жаттықтырушысы”, ал қақпашы Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясына ұсынылды.
Толық тізімді Futsalplanet Awards 2020 ресми сайтынан көруге болады.