Айқын әріптесі Төреғалидың өнерде екі рет алдын орап кеткенін айтты. Бірде композитор Лұқпан Жолдасов Айқынға ән жазып қойғанын айтып, студиясына шақырған. Әнші “ертең барамын”, — деп уәде беріп, жоқ болып кеткен. Бір айдан соң барса, композитор әнді Төреғалиға беріп жібергенін айтқан. Бұл Ұлы дала баласы композитордың қызы Фарида Жолдасовамен бірге айтып жүрген “Қыдырып қайтайық” әні екен.
Дәл осындай оқиға тағы қайталанған. Тағы Айқын. Тағы Төреғали. Төрәлінің орындауындағы “Мен романтик емеспін” әнін Лұқпан Жолдасов әу баста Айқынға ұсыныпты. Бірақ әнші тағы кешігіп, әннен айырылып қалған екен. Бұл туралы Айқын шығармашылық кешін өткізгенде әзілдеп еске алды.
Енді композитор шақырса, дереу бару керегін түсініп, уәде еткен әнші Лұқпан Жолдасовқа рақметін айтты.