ÓzgeEpic («Өзгеріс») жобасының аясында Асанәлі Әшімовтың “Менің жанрым – күнделік” атты аудиоспектаклі қайта қойылмақ. Танымал тұлғаның ішкі дүниесі, тек өзіне тән көзқарасы, сырлары айтылатындықтан қойылымға бір уақытта тек бір ғана тыңдарман қатыса алады. Аудиоспектакль 23, 24, 30, 31 қаңтар күндері Алматыдағы ÓzgeEpic заманауи өнер кеңістігінде өтпек. Күніне спектакльдің 7 сеансы қойылады.
ÓzgeEpic өнер кеңістігі 2019 жылы тамызда ашылған болатын. Art-кеңістік әдебиет, музыка, театр, кино, көркемсурет бағытында жұмыс істейді. ÓzgeEpic алғашқы аудиоспектаклін Асанәлі Әшімовтың “Менің жанрым – күнделік” қойылымымен бастаған. Театр ұжымы биыл тыңдарман көңілінен шыққан спектаклді биыл қайта қоймақшы.