Telegram белсенді қолданушыларының саны 500 миллионнан асты. Тек соңғы 72 сағат ішінде Telegram-да әлемнің түкпір-түкпірінен 25 миллионнан астам адам тіркелген. Мессенджердің негізін салушы Павел Дуровтың айтуынша, бұл өткен жылмен (күніне 1,5 млн адам) салыстырғанда айтарлықтай көп.
Сондай-ақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Telegram және BiP мессенджерлеріне тіркелген. Бұған дейін Түркия әкімшілігі WhatsApp-тан бас тартқан болатын. Бұған WhatsApp мессенджері пайдаланушы келісіміне Facebook корпорациясына жеке дерек беру туралы тармақ қосылғаны себеп болған.