Танымал тележүргізуші, блогер және журналист Динара Сатжан Ақан Сатаевтың «Боксер» фильміне түспек. Бұл туралы тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
«Ойлап отырсам, мен бұл рөлге 2012 жылдан бері дайындалыппын. Сол жылдары Серік Сәпиевпен үш сұхбат жасағам. Бұл менің кино саласындағы дебютім. Маған ұнады. Қуаныштымын», — дейді Динара Сатжан әлеуметтік желідегі постында.
Тележүргізуші желіге салған видеодан фильмдегі басты рөлді сомдайтын актер Смадияр Сабыровпен интервьюінің бір бөлігін көруге болады.
https://www.instagram.com/p/CGy8h4bHSLc/?igshid=1s9ll0vnfoac6