Хәрри Поттер туралы кітаптар сериасының авторы Джоана Роулиң Вероника есімді алты жастағы қыз жазған хатқа жауап берді.
31 маусым жазушының туған күні болатын. Кішкентай поттерман “Хәрридің анасын” туған күнімен құттықтап “СЕНІҢ ӘЛЕМІҢ – МЕНІҢ ӘЛЕМІМ” деген ашық хат жіберген.
Верониканың анасы қызының хатына жауап алатынына сенбегенімен көңілін қимай, поштаға бірге барған. Олар сыйлығын әдетте Роулиңге жазылған хаттар бағытталатын Bloomsberry баспасына емес, поттермандар форумынан мекен-жайын тапқан Эдинбургтегі қамалға жіберген.
31 қараша күні Вероника жазушыдан жауап алған. Хогвартстың таңбасы бар алтын түсті конвертті үкі әкеліп бермесе де, хаттың ішінде үкінің суреті бар екен. Сондай-ақ, Роулиңнің қолдан жазған: “Хәрри Поттердің анасынан” деген қолтаңбасы болған.
“Жауап келгенде біз бұған сене алмай 10 минуттай бір-бірімізді құшақтап жыладық”, — дейді Верониканың анасы.