16-26 қаңтар аралығында Esentai gallery-де заманауи өнер көрмесі өтеді. Бірінші экспозиция атауы – “Ваннадағы әңгімелер” (Ванные истории). Онда Аружан Жұмабек, Kokonja және Катя Кан есімді үш суретші қыздың туындылары қойылмақ.
Көрмеде графика, матаға сурет салу, кесте тігу, видео-арт және сурет салу сияқты түрлі техника мен стильде жасалған эксперименттік жұмыстар көрсетіледі.
Суретшілер карантин кезінде жасаған жұмыстары арқылы қоғаммен диалог құрады. Олар балалық шақ туралы естелігін, қорқынышы мен елеулі өзгеріс кезеңін бөліседі.
Кіру — тегін. Тек алдын-ала жазылып қою керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram