Екі күн бұрын 21-ге толған танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатының депутаты атанды. Бұл туралы Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына ұсынылған депутаттар тізімі жариялағанда белгілі болды.
Жансаядан бөлек, спортшылардан депутаттар қатарында олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен параолимпиадашы Серік Есматов бар.
Айта кетсек, шахматшы он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған. 2012 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі планетаның үздік шахматшысы атанған.