15 қантарда Алматы қаласында Бейбіт Қорғанның шығармашылық кездесу кеші өтеді. Alatau Creative Hub-та өтетін шараға кіру тегін. Кеш қонақтары Бейбіт Қорғанның әндерін тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Пандемия жағдайына байланысты іс-шараға қанша адам қатыса алатыны әлі белгісіз.
Қазір жұлдыздың шығармашылығында өзгерістер болып жатқан көрінеді. Әнші бірнеше жаңа ән дайындап жатқанын бөлісті. . Айта кетсек, 10 жыл бұрын хит болған әні «Шоқ қыздар» жақында Үндістанда TikTok-трендке айналған болатын.