TikTok қолдану ережесін жаңартты. Енді 13 пен 15 жас аралығындағы қолданушының бәрі автоматты түрде приват-аккаунтқа ауысады.
Бұл кәмелет жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, балалардың видеосын жүктеп алуға және оларға коммент жазу да шектеледі.
Ал 16-17 жас аралығындағы балалар TikTok-тағы дуэт видеоны тек тіркелген достарымен ғана түсіре алады. Олардың видеосын жүктеуге де шектеу қойылған, бірақ қалаған жағдайда олар бұл опцияны өзгерте алады.