Танымал әнші Билли Айлиш “мемлекетті құлдыратқаны үшін” қара тізімге енді. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.
Аты-жөні аталмаған жергілікті шенеунік пандемияға қарсы кампания аясындағы қымбат келісімшарттар тізімінен бірқатар жұлдыздарды шеттету туралы жоба дайындаған. Барлығы 274 жұлдызбен келісімшарт жасалса, соның 10-ы ғана мақұлданып отыр.
Мәлімдемеде Билли Айлишке «жергілілікті тұрғындар үшін маңызды құндылықтарды жойып, мемлекетті құлдыратып жатыр», — деп айып тағылған. Одан бөлек, бұған әншінің президент Дональд Трамптың саясатын қолдамайтындығы да әсер еткен.
Тамыз айында Билли Айлиш АҚШ президентін сынға алған болатын. Әнішінің ойынша, Дональд Трамп елді әбден бұзып, америкалықтар үшін маңызды дүниелердің бәріне нұқсан келтіріп отыр. Орындаушы Трампқа қарсы дауыс беріп, сайлауды елемеуге шақырды.
Мемлекеттің қара тізіміне іліккен тек Билли ғана емес. Одан бөлек, бұл тізімде АҚШ-тың көші-қон саясатын сынға алған әнші Дженнифер Лопес, президенттің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірген режиссер Джадд Апатоу да бар.