Wiip тәуелсіз киностудиясы Джордж Оруэллдің әйгілі “1984” антиутопия романы негізінде мини-сериал түсірмек. Экранизацияның 5 эпизоды шығады деп күтілуде.
Сериалдың актерлік құрамы мен оның қашан шығатыны туралы әлі ақпарат жоқ.
«1984» романы абсолют билікті сақтау мақсатында елдің әр тұрғынын мұқият бақылайтын “Үлкен Ағаның” диктатурасы билеген қоғамды суреттейді.