Ochooou лақап атымен танымал әнші Олжас Абай Талдықорғанда рестобар ашты. Рестобар қонақтары Айқын, Argonya, Қайрат Нұртас, Серікбол Сайлаубек сияқты жұлдыздардың жанды дауыстағы әнін тыңдап, бірге көңіл көтере алады.
Алайда, көпшілікті рестобардың бағасы шошытқан. Әншінің фоллоуерлері желіде “Талдықорған үшін тым қымбат”, “Мынауың таза тонау ғой”, “Ничего себе” деген пікірлерін үйген. Әуелгі депозит құны 150 мың теңге боп белгіленген болатын. Жұртшылық наразылығынан кейін әнші бұл бағаны арзандатқан көрінеді. Қазір рестобардағы 4 адамға арналған үстел құны – 25 000 теңге. ; Ал VIP үстелдер 10 адамға 70 мың теңгеден басталады.