Танымал ресейлік рэпер Моргенштерннің үстінен Уфаның Киров аудандық сотына арыз түскен. Арызданушының кім екені және шағымның детальдары әзірге белгісіз. Сол үшін де нақты қай әннің плагиат екені анықталған жоқ. Бірақ іс сотта қаралмақ.
2020 жылғы желтоқсанда Госдума депутаты Игорь Моляков Моргенштерннің “Я съел деда” әнін қатты сынға алған болатын. Сол айдың 18-де Санкт-Петербург прокуратурасы рэпердің шығармаларын Ресейде тыңдауға тыйым салу керек деп сотқа арыз берген.