Танымал видеограф жақында ғана парақшасына 001KRN нөмірлі Rolls-Royce-тің суретін жүктеп, соңғы жарты жылда армандаған көлігін алғанын хабарлаған. Сондай-ақ, Қыран ескі көлігін сататынын айтты.
Алайда, көлік әлі видеографқа тиесілі болмай шықты. Rolls-Royce-ті толықтай сатып алу үшін Қыран танымал бизнесмен Сырымбек Таудан 20 млн теңге қарыз алған. Бұл ақшаны видеограф 2 айдың ішінде қайтармаса, көлікті қайтаратынын айтты.
Осы уақыт бойы Қыранның жаңа Rolls-Royce-і Сырымбек Тауда болатын көрінеді.
Қыран қымбат көлік алғанына байланысты: “Бұл ешқандай менің максимализмім емес, бұл тек маған челлендж, алға ұмтылуға себеп болатын қадам болмақ”, — деп пікір білдірді.