Әншінің Instagram Stories-не балағат сөз жазған оқырман кешірім сұрап видео түсірді. “Енді мұндай қайталанбайды”, — деп уәде берген жігіттің видеосын Жандос Самалбеков әлеуметтік желі парақшасына жүктеді.
“Бұл бір өш алу емес, бұл басқаларына сабақ! Сондықтан біреуге бір сөз жазбас бұрын, ойланып жазыңыз!”, — дейді Жандос жазбасында.
Алайда әншінің хэйтерлермен бұлай күресуі оқырмандарына ұнамаған көрінеді. Көпшілік жұлдыздың жағдайды көпке шығармай өзара шешуі керегін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram