Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Нұр Отан партиясының атынан Мәжіліс депутаты болып сайланған болатын. 15 қаңтарда өткен алғашқы Парламент отырысынан шыққан тележүргізуші парақшасына жаңа лауазымы туралы пост жазып үлгерді.
Жазбасында Дана Нұржігіт Парламенттің жаңа мақсаттары мен сайлаудың қалай өткені туралы ой бөлісті.
Тележүргізушіні фоллоуерлері жаңа лауазымымен құттықтап, мұң-мұқтажын, ұсыныстарын жазып жатыр.